Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚМДБ: КҮЛЛІ МҰСЫЛМАН ҮМБЕТІ ҚАРАЛЫ ХАБАРДАН ҚАРА ЖАМЫЛДЫ
15 наурыз, 2019 жыл 23 Басып шығару нұсқасы

 

Бүгін, қасиетті жұма күні Жаңа Зеландияның Кристчерч қаласында қандықол қылмыскерлер екі мешітте оқ жаудырып, 50-ге жуық мұсылманның өмірін жалмады. Күллі мұсылман үмбеті қаралы хабардан қара жамылып отыр.​ ​ ​

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазаға ұшыраған жандардың отбасына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады. Оларға көркем сабыр тілейміз. Түрлі деңгейде жарақат алған азаматтардың тез арада сауығып кетуін Алладан сұраймыз. Мешіттерімізде қайғы жамылған адамдардың отбасына дұға жасалуда. Жаратушы Иеміз марқұмдардың жанын жəннаттық еткей.
Қасиетті Құранның «Мəида» сүресінің 32-аятында: "...кім жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, барлық адамды өлтіргенмен тең..." делінген.

50-ге жуық мұсылманның қанын төккен лаңкестер бұл әрекеті үшін екі дүниеде де жазаға тартылады.​

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қауымын сабырға шақырады. Алла Тағала жер бетін түрлі бүліктер мен қайғылы оқиғалардан сақтағай. Әмин!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары