Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қарағанды облыстық мешітінде семинар тренинг өтті
16 наурыз, 2019 жыл 36 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде наурыз айының 9-14 күндері аралығында облысқа қарасты ауылдық округтерінің имамдарына арналған семинар тренинг өтті. Аталмыш семинарды өткізудегі негізгі мақсат имамадардың алдағы аттестаттауға дайындығы, сондай-ақ дін қызметшілерінің жұмыс сапасын жақсарту, өзекті мәселелерді талдау және деструктивті ағымдармен күрес жұмыстарын дамыту мақсатында біліктілікті арттыру мәселелері талқыға салынды.

Сонымен қатар, 13 наурызда ауылдық діни қызметкерлер ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департамент басшысы Жандос Сәрсеновпен және Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастардың проблемаларын зерттеу және талдау орталығының басшысы Сектай Жанболат Ахуанұлымен кездесті. Өз кезегінде Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ Бекқожа сыбайлыс жемқорлыққа қатысты толық түсіндірме жұмыстарын жүргізгені үшін Жандос Сәрсеновке алғыс айтып, Ислам дініндегі парақорлықтың қаншалықты ауыр күнә екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, жемқорлық арқылы табылған мал мүлікті пайдалануға Ислам дінінде қатаң тиым салынғандығын және көптеген хадистерде оның жазасы ауыр болатындығы айтылғанын жеткізді.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары