Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұр-Мүбарактың бір топ ғалымдары Өскемен өңірінде
16 наурыз, 2019 жыл 22 Басып шығару нұсқасы

Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту және мемлекеттің зайырлылық тірегін нығайту деп аталатын республикалық семинарға Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди, ректор кеңесшісі Ержан Малғажыұлы, Бас хатшы, докторант Рахымжан Әкімбековтер арнайы шақырылып, жастар тәрбиесіне қатысты құнды ойларымен бөлісті. Шығыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасы, Дін мәселелерін зерттеу орталығы бірлесіп жасап жатқан маңызды шарада сөз алған профессор Мухаммад әш-Шаххат жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі діннің рөлі жайлы кеңінен қозғады. «Жастар – мемлекеттің қозғаушы күші. Қазір білімнің дәуірі, егер бүгін біліммен қаруланбасаңыз, онда көп нәрседен ұтыламыз. Тек әрбір жас қана емес, мемлекетке тиімсіз. Өйткені мемлекет білім иелерінің күшімен дамиды»,- деді профессор.

Ал ректор кеңесшісі Ержан Малғажыұлы: "Ендеше мамандарды даярлау барысында ислам құндылықтарын ұлттық салт-дәсүріміз аясында қолдану өз жемісін беретіні сөзсіз. Себебі Ислам әлемі ғылым мен білімді жоғары бағалап, нәтижесінде әлемдік жетістіктерге қол жеткізіп, өркениетке озық оймен мойын созған әлем. Қазіргі ақпараттық технологияның шыңырауын бағындыра бастаған батыс ғылымы мен білімі, өркениет пен мәдениеті негізгі бастауын Ислам ғалымдарынан, Шығыс әлемінен алғанын айғақтайтын дәлелдер аз емес",- деді өзінің «Мамандарды даярлаудағы исламдық білім мен ғылымның моделі» атты баяндамасында.

Республикалық семинар-тренинг конференцияны ұйымдастырушылар Нұр-Мүбарак университетінің ғалымдарына ризалықтарын білдіріп, жастар да жаңа леп алғандарын жеткізді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары