Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Өскеменде «Өңірлік I әйелдер форумы» өтті (ФОТО)
17 наурыз, 2019 жыл 13 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласында «Руханият - ана сүтінен» атты «Өңірлік I әйелдер форумы» болып өтті.

Форум жұмысына ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Алау Әділбаев, «Нұр Мүбарак» университетінің ректоры, доктор, префессор  Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид ал-Жинди және ҚМДБ ның бұрынғы Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазірет, ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Ақбөпе Қанатқызы, дінтанушы ғалымдар, имамдар, әжелер, өңір бойынша «әйел-қыздар» секторының жетекшілерімен шәкірттер және жастар қатысты. Форум жұмысы әжелердің ақ шашуымен басталды.

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы форумды ашып сөз сөйлеп, бұл шараның «Әйел-қыздар» секторының жұмысын серпінді дамтуда маңызға ие екендігін жеткізді.

Жиында наиб мүфти Алау Әділбаев баяндама жасап, қоғамдағы әйелдердің роліне тоқталды. «Исламда әйел құқығы барынша қорғалған. Асыл дінімізде аналарды ұлықтап, олардың мәртебесін жоғары қойған. Дінімізде ананы сыйлау, әйелдерге, қыздарға құрметпен қарау туралы тағылымдар өте көп. Ислам тарихында Айша анамыз (р.а) қатарлы көптеген ұлы аналарымыздың ғибратты тағылымы күллі мұсылман баласына үлгі» дей келе, аналар ұлағатынан мол тағылым айтты.

Жиында «Нұр Мүбарак» университетінің ректоры, доктор, префессор  Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид ал-Жинди сөз алып, исламдағы әйел мәртебесі туралы ғибратты ойларын ортаға салды.

ҚМДБ ның бұрынғы Төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазірет жиынның маңызына тоқталып, ұлт тарихындағы аналар ұлағаты туралы сындарлы баяндама жасады.

Сонымен қатар форумда ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Ақбөпе Қанатқызы сектордан атқарылып жатқан шараларды айта келе, ұлттық құндылықтармен ана тәрбиесінің тағылымдық мән маңызын тереңнен тарқатты.

Айтулы шарада сөз алғандар қазіргі заманғы қыздар тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды ұлықтау туралы пікірлерін ортаға салды. Жиында көптеген сындарлы ойлар айтылды.

Шара барысында өкілдіктің жанынан ашылған «Зере Ана» қорының шеберханасының жасаған ұлттық бұйымдарының көрмесі өтті. Әжелер әуелете ән салды. Қатысушыларға өкілдіктің ұстазы, өңір бойынша «әйел-қыздар» секторының жетекшісі Талшын Қожахметованың кітабы және парақшалар таратылды.

Өкіл имам Ермек Қасболатұлы: «Осынау алқалы шараға өңірге қарасты барлық аудандардан әйелдер қауымы табиғаттың қиыншылығына қарамай келіп қатысып отыр. Барлықтарыңызға алғыс айтамын. Бұл осы іске деген Сіздердің ынталарыңыз» дей келе, барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары