Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұрсұлтан Назарбаев жастарға үндеу жасады
20 наурыз, 2019 жыл 15 Басып шығару нұсқасы
"Әлемнің өзгеріп жатқанын бәріміз көріп отырмыз, жаңа мүмкіндіктер ғана емес, жаһандық технологиялық, демографиялық сындар да пайда болып жатыр. Күн сайын әлемдегі тұрақсыз жағдайлардың куәсі болып келеміз. Әр ұрпақ өз алдындағы міндеттерді орындайды, менің ұрпағым ел үшін қолдан келгенін жасады. Келер ұрпақ Қазақстанымызды дамытсын. Атқарған жұмыстарымыздың нәтижесі бәріңізге аян. Әлем өзгереді, жаңа ұрпақ келеді. Бұл қалыпты процесс. Бұл ұрпақ өз дәуірінің проблемасын шешеді. Ел мен халық үшін тырыссын, өмір біздегіден де жақсара түссін", - деді Назарбаев Қазақстан халқына жасаған үндеуінде.

Президент әлеммен бірге адамдардың өзгеретінін атап өтті.

"Жас қазақстандықтарға айтқым келетіні, тәуелсіз Қазақстанды сақтап қалыңыздар - бұл біздің ортақ Отанымыз. Бұл біздің халық, ұлы бабаларымыздың жері. Бір ғана Отанымыз бар, бір жер. Достықты, халқымыздың бірлігін, өзара сенім мен әрбір азаматымыздың мәдениеті мен дәстүріне құрметті сақтаңыздар. Бұл біздің қолымыздан келді, бізден қазір қалай тұрақты болуды, көпұлтты мемлекетті қалай бірге тұруды үйреніп жатыр. Осы постулаттарды орындап қана тұрақты боламыз, сынның бәрінен өтіп, гүлдене түсеміз", - деді Назарбаев.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары