Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің алаңында Наурыз мерекесі (ФОТО)
24 наурыз, 2019 жыл 26 Басып шығару нұсқасы

Павлодар қаласы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің алаңында Наурыз мерекесі аталып өтті. Қасиетті жұма күні мешіт асханасының  әйелдері, мешіт әйел ұстаздары мен шәкіртері Құран бағыштатуға, неке қидыруға және намаз оқуға келген жамағатты әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, жақсы бата-тілектер айтып, мешіт  кіреберісінде  арнайы  жайылған дастарханнан дәм татырып, наурыз көже үлестірді.

Сонымен қатар мешіт жамағаттары мен шәкірттері  арасына гір көтеру, арқан тарту, қол күрестіру, қазақша күрес  сайыстары  ұйымдастырылып, әр қайсы 4 категория бойынша жүлделі орын иеленгендерге өкіл имамның алғыс хаты мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Күн мен түннің теңескен, ежелгі заманнан қалыптасқан жылбасы – әз Наурыз мерекесін ҚМДБ-ның  Павлодар облысындағы барлық мешіттер арнайы бағдарлама бойынша  мерекелік шаралар ұйымдастырып қарсы алды..

Алла Тағала ризық-несібемізді молайтып, бірлік-берекемізді арттырғай. Наурыз мерекесі құтты болсын! 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары