Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Атыраудағы наурыз мерекесі (ФОТО)
24 наурыз, 2019 жыл 18 Басып шығару нұсқасы

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігі ерекше форматта қарсы алды.

Атырау облысы әкімдігі жанындағы Сұлтан Бейбарыс алаңына түрлі мекемелер тарапынан тігілген ақ шаңқан киіз үйлердің қатарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігі атынан құрылған ағаш үй орын тепті. Ұлттық нақышта безендірілген киіз үйде жиналған жұртшылықты Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұров арнайы құттықтады.

"Наурыз ғарышпен астасқан мереке. Себебі, бұл мезгілде табиғат түгел жаңарып, Жер Ана бусанып, ерекше керемет күйге түседі. Қырдағы ел ойдағы елмен қауышып, адамдар Наурыздан Наурызға дейін аман жеткені үшін шүкіршілік етеді. Наурыз ынтымақ пен берекені арттыратын ерекше мейрам", - деді Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұров.

Және де ұстаз Батыржан Мансұров мерекенің жалпыхалықтық сипатта атап өтілуіне ықпал еткен Атырау қаласына қарасты барлық мешіттерге ризашылығын білдірді.

Шара аясында Бас имам Батыржан қажы Мансұров кішкене сәбидің тұсауын кесіп, жиналған қауым ерекше дәстүрге куә болды.

Ұлттық киім киген ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз салиқалы сұхбаттарымен мерекеге ерекше көрік берді. Ел ағалары мемлекет тыныштығы, ынтымақ, бірліктің артуын тілеп, ақ бата берді. Әйелдер жамағаты діни әндер орындап, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.

Сондай ақ, жастар жамағаты арқан тартыс, кір тасын көтеру сынды ұлттық ойын түрлері бойынша өзара бақ сынасып, мереке көрігін қыздыра түсті.

Дәстүрлі мереке кезінде өкілдік тарапынан құрылған киіз үйде бес жүзге жуық атыраулық жамағат тегін тамақтанды. Бір қазан палау, 150 литр наурыз көже мен бауырсақ мерекеге келушілерге үлестірілді.

Осындай ерекше форматтағы мереке Атырау қаласымен бірге, аудан мешіттерінде де жоғары деңгейде атап өтілді. Осылайша, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде мешіттеріміз қоғамның бірлігі мен ынтымағы жолында дұға жасап, азаматтарды ізгілік жолында бір болуға, нар болуға, бар болуға үндеді. 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары