Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақмола облысының мешіттерінде Наурыз мейрамы өтті (ФОТО+ВИДЕО)
24 наурыз, 2019 жыл 29 Басып шығару нұсқасы
 

Бүгін Ақмола облысының мешіттерінде Наурыз мейрамы атап өтілді. Әсіресе, «Науан Хазірет» мешітінің жанында өткен мерекелік іс-шара өте қызықты болды. Халық та көп жиналды. Жұма намазынан соң ұйымдастырылған Наурыз тойында көпшілікке 500 литрден астам Наурыз көже, бірнеше қазан палау мен бауырсақ үлестірілді.

Бұдан бөлек, «Сатып ал да, сауап ал» атты қайырымдылық жәрмеңкесі де келушілердің көңілінен шықты.

Ал, кір тасын көтеру, қол күрес, арқан тартыс, қап көтеру, көлік сүйреу секілді сайыстар шараның көркін қыздырды. Халық әсіресе, көлік сүйреу және арқан тартыс ойындарын қызыға тамашалады. Арқан тартуда жас жігіттерден құралған «Арыстан» құрамасы жеңімпаз атанса, көлік сүйреу сайысы бойынша Нұрлыкөш ауылының тұрғыны Қымбат есімді азамат темір тұлпарды 12 метр жерге 7 секундта тартып апарып, 16 жігіттің арасынан суырылып алға шықты.

Ал, «Бесасық» ойынынан Томирис Құсайыноваға, «Тоғызқұмалақтан» Аяжан Жұматаеваға, асық атудан Бердібек Хашимовтерге тең келер ешкім болмады. Жалпы, биыл асық ату ойынына 46 адам қатысты. Жеңімпаздардың барлығына қаржылай сыйақы беріліп, облыс имамының алғыс табыс етілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары