Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ерлікпен қаза тапқан атыраулық полицейді мыңдаған адам ақтық сапарға шығарып салды
24 наурыз, 2019 жыл 23 Басып шығару нұсқасы

Өзгенің өмірі үшін өзінің жанын қиған атыраулық полиция сержанты Шалқар Акымғалиевтың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Күллі қазақстандықтарды қайғыға салған қазаға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан қажы Мансұров көңіл білдірді.

Бүгін бейбіт күннің батырын жерлеу рәсіміне Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұров бастаған атыраулық жеті бірдей мешіттің имамдары толықтай қатысты. Марқұмның жаназа намазын оқыған Атырау облыстық орталық "Иманғали" мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Мансұров ерлікпен қаза тапқан полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевтың есімі ешқашан ұмытылмайтынын айтты.

"Сын сағатта нағыз батырларша әрекет еткен бауырымыз Шалқар Ақымғалиев адамгершіліктің шынайы үлгісін көрсетті. Қоғам тыныштығын абыроймен күзеткен марқұмның отбасына атыраулық имамдар қайғыра көңіл білдіреді" деді Бас имам Батыржан Мансұров.

Бүгінгінің батырын соңғы сапарға шығарып салуға марқұмның ағайын-туыстары, дос-жарандары, қаланың мыңдаған тұрғындарымен бірге, Ішкі істер министрлігі өкілдігі,Атырау облыстық және қалалық әкімдігінің қызметкерлері, ҚР Сенат депутаты, ішкі істер органдарының ардагерлері, аймақтағы барлық күштік құрылымдардың және қоғамдықұйымдардың мүшелері, жергілікті депутаттар, прокуратура органдарының өкілдеріқатысты. Сенат спикері Дариға Назарбаеваның, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының, Ішкі істер министрінің көңіл айту жедел хаттары оқылды. Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев марқұмның отбасына көңіл айтып, бұл бір әулеттің ғанаемес, бүкіл елдің қайғысы екендігін атап өтті
- Бүгін ауыр күн. Бұл ағайын- туыстардың ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың ортақ қайғысы, сондықтан, біз сіздермен бірге қайғырып отырмыз. Марқұмның есімі жүрегімізде мәңгі сақталады,- деді Нұрлан Ноғаев.

Ішкі істер органдарында бес жылдан астам уақыт қызмет еткен Шалқар Акымғалиевтың есімі бүгін мемлекеттік наградаға ұсынылды.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары