Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Жамбыл: Қордай жеріндегі қос қуаныш
24 наурыз, 2019 жыл 145 Басып шығару нұсқасы

Қордай ауданы, Отар ауылында мерекеде қос қуаныш бірге орын алды. Ауылдық «Атамқұл» мешіті жамағаттары бастарын біріктіріп, ауыл бойынша  қайырымдылық істерді атқаруда. 

Ұлыстың ұлы күні аталмыш мешіт жамағаты атынан зағип жандар отбасы Ердос Тоғызбаевқа (Атамқұл мешітінің жамағаты) ауылдастар атынан  пәтер сыйға тартылды. Көптен күткен қуаныш ауылдың орталық алаңында, мерекелік іс-шара барысында орын алды.

Сауапты істің мән-мағынасын түсіндіруге «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жапек Ғалымбек арнайы ат басын тіреді. Мәртебелі мейман Жаратқаннан дұға жасап, салтанатты түрле Ердос бауырымызға пәтер кілтін табыстады.  Мереке күнгі қуаныштар осымен шектелмей, «Атамқұл» мешітінің шәкірті Сәбит Мұхитұлы толық Құранды жаттап шығып, қари атанып, жиналған қауымды Құран оқып сүйсіндірді.

Бала қариға Ғалымбек Төлегенұлы ақ батасын беріп, бүгінгі қуаныштың үлкен сауапты да, мәртебелі іс екенін тебірене жеткізді.

Ауданның бас имамы Д.Жандосұлы жиналған дүйім жұртты мерекемен құттықтап, қос қуаныштың үлгі боларлық іс екенін, жақсылықтар мұнымен аяқталмасын деген лебіздерін жеткізіп, мешіт имамы Нұрлан Шакиров пен ұйымдастырушы Ержігіт Аунамасовқа алғыстарын жеткізді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары