Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қызылордалық имамдар А.Сабдиннің оқу-семинарына қатысты
26 наурыз, 2019 жыл 18 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Нұр-Мүбарак» ЕИМУ жанындағы Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының басшысы, докторант Асқар Сабдин Сыр имамдарына оқыту семинарын өткізді.

Тәжірибелі теолог ғалым Асқар Кәлімжанұлы имамдарға қазіргі қоғамдағы «діни ауытқушылықтар» туралы түсіндірді. Мысалы, діни білім меңгерудегі білім алу мен түсінудің айырмашылығын айшықтап, жат ағым өкілдерінің құран мен хадис тәпсірлерін түсінудегі қателіктерінің ара жігін ажыратып берді. Бұрыс түсінік салдарынан жат ағым жетегінде кетіп, сыртқы саяси мүдделердің құрбандарына айналып жатқан отандастарымызға түсіндірме жұмыстарын жүргізудің әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Дәріс соңында имамдар тарапынан сұрақтар қойылып, өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Дәрістен кейін Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы А.Сабдин мырзаны Сыр елінің Бас мешітінің сәулетімен, тыныс-тіршілігімен таныстырды.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары