Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қарағанды: «Наурыз кубогі» аймақаралық спартакиадасы өткізілді
26 наурыз, 2019 жыл 22 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылдық мешітінде облыстық «Әнет баба» мешітінің қолдауымен «Қазақстан барысы» Ержан Шынкеев пен «Айтыстың ақтаңгері» Дидар Қамиевтің жүлделеріне тұңғыш дәстүрлі аймақаралық «Наурыз кубогі» спартакиадасы болып өтті.

 

Мерекенің тұсаукесері «Тұсау кесу» дәстүрімен басталды. Мерекеге арнайы шақырылған құрметті қонақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы, облыстық «Әнет баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ Бекқожа сәбидің тұсауын кесіп, батасын берді. 

Спартакиада спорттық сайыстарына Астанадан арнайы келген Дзю-до күресінен мемлекеттік жаттықтырушы Жандос Қонысбаев, Ұлттық дәрежедегі төреші Қырықбай Мускунов, ардагер спортшылар арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серікбай Нұрмағамбетов және ардагер спортшы, Үштөбе мешітінің ақсақалы Ибраһим Абикеев төрешілік етті.

Жалпы командалық есеп бойынша төмендегідей қорытындыға қол жеткізілді:
1-орын және өтпелі «Наурыз кубогі» "Арқа батырлары" командасы  (Жаңаарқа) - 100 000 теңге.

2-орын "Ақсу аюлы" командасы (Шет ауданы) - 75 000 теңге.
3-орын екеу: "Қарағаш" командасы (Жаңаарқа ауданы) - 50 000 теңге және "Астана" командасы (Нұр-Сұлтан қаласы) - 50 000 теңге.

4-орын: "Көкшетау" командасы (Ақмола облысы) - 30 000 теңге.

Сондай ақ, сайысқа қатысқан барлық сайыпқырандарға мадақтама қағаздары табысталды.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары