Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Сыр имамдары аттестациядан өтуде
26 наурыз, 2019 жыл 4 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде Сыр өңірінің мешіт қызметкерлерін жаппай аттестациялау басталды. Аталмыш аттестацияға арнайы комиссия тағайындалып, еліміздің барлық облыстарында дін мамандарын сынақтан өткізуде.

Кезекті аттестацияны Сыр өңірінің діни қызметкерлеріне өткізу мақсатында келген ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти, Түркістандағы кеңсе басшысы А.Әділбаев, ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Н.Есмағанбет бастаған комиссия құрамы аттестацияның ашылуында имамдармен кездесіп, қызметкерлерге сәттілік тіледі.

Нұрбек Әуезханұлы: «Мақсат – имамдарды емтихан арқылы қызметтен босату немесе шеттету емес, қазіргі заман талабына сай білікті де білімді кадрларды көбейту. Аттестация нәтижесіне қарай қызметкерлер білім деңгейіне сәйкес қызмет атқаратын болады», - дей келе емтиханның жүргізілу тәртібі мен бағалау критерийлерін түсіндіріп берді.

Екі күнге созылатын сынақ емтиханы 2 кезеңнен тұрады. Биылғы аттестацияның бұрынғыдан ерекшелігі - алғашқы кезең "Ақида", "Фиқһ" және заң бойынша электронды жүйеде тест тапсыру арқылы өтсе, екінші кезеңде "Құран Кәрім (қирағат, тәжуид)", "Ислам тарихы (алғашқы кезең)" және төрт құжат бойынша сұрақтарға ауызша жауап беру форматында болады.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары