Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
НАИБ МҮФТИ А.ӘДІЛБАЕВ СЫР ЖАСТАРЫМЕН СҰХБАТТАСТЫ
27 наурыз, 2019 жыл 75 Басып шығару нұсқасы

Бүгін ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен «Тәрбие. Білім. Жастар» тақырыбында студент жастармен еркін кездесу өтті.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханада өткен кездесуге ҚМДБ-ның Төраға орынбасары, наиб мүфти, Түркістандағы кеңсе басшысы Әділбаев Алау Шайқымұлы, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл Болатбек Ұласқанұлы, Қызылда облыстық «Жастар ісі» секторының үйлестірушісі С.Әбіл,облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары, қалалық оқушылар мәслихатының депутаттары, белсенді жастар, «Қорқыт Ата» атындағы ҚМУ және «Болашақ» университетінің студенттері қатысты.

Еркін сұхбат форматында өткен кездесуде наиб мүфти Алау Шайқымұлы ислам дініндегі білім, ғылым меңгерудің маңыздылығына тоқталып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) кәрілік жетпей тұрып, жастық шақтың қадірін білгендерге құрметі қандай болғанын баяндады. Адамға ең бірінші имани тәрбиені бойға сіңіру керектігін түсіндірді. Сұхбат соңында жастардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныстары тыңдалды.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары