Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Талдықорған: Наурыз келді, жыл келді
28 наурыз, 2019 жыл 21 Басып шығару нұсқасы

Теңдік пен жаңару, татулық пен бірлік, ізгілік пен ынтымақтың мерекесін Жетісу жұртшылығы ерекше ықыласты ыстық сезіммен қарсы алды. Қаладағы ең үлкен 16 қанатты қазақтың кең үйінде Талдықорған қаласына қарасты мешіттердің арнайы дайындаған бір тоннаға жуық Наурыз көжесінен дәм татқан жұртшылық, «Ақ мол» болсын деген тілекпен, ұйымдастырылған ұлттық және спорттық ойындарға қатысты.

Мешіт жамағаттары командалық сайыстарда өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Марапаттау рәсімінде Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы және облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табыстады.

Бұдан бөлек «Наурыз көже байқауы», «Қош келдің, Әз Наурыз» атты қолөнер көрмесі және ата дәстүріміздің «Тұсаукесер» рәсімі де өз көріністерге ие болды.

Ұлыстың ұлы күнін ұлан асыр мерекемен өткізген мешіт имамдарының ұйымдастырған бұл шаралары жетісу жұртшылығының есінде көпке дейін сақталатын болады.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары