Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Шымкент: Мешіт жамағаты арасында футболдан турнир өткізілді
28 наурыз, 2019 жыл 15 Басып шығару нұсқасы

 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты мешіт имамдары мен жамағат арасында «Бір мешіт, бір жамағат, бір үмбет» жобасы аясында футболдан турнир ұйымдастырылды.

Ұйымдастырылған турнирге 10 футбол тобы қатысты. Ресми ашылу шарасына өкіл имам орынбасарлары Ахметжан Керімбек, Бекайдар Әміре, Мұхамеджан Естеміровтар арнайы қатысып, турнирдың мән-маңызына айрықша тоқталды.

Сондай-ақ, негізгі ұйымдастырушы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық «А.Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдаулет Абдурахманов шараның ережелері мен мақсатын түсіндіріп берді. Негізгі мақсат - мешіт жамағаттарына ағалық ақылдарын айтып, білім алу, түрлі теріс ағымдардан сақтану, ана-ананы құрметтеу т.б, тақырыптар төңірегінде уағыз айтып, жамағатпен тығыз байланыс орнату болып саналады.

Турнир соңында топ жарып алға шыққан, яғни 1-орын иегері болып «Әл Муслим» командасы ие болды. Ал 2-орынды «А.Қаттани» ие болса, 3-орынды «Мейірман» командасы ие болды. Жүлде ие болған командаларға қаржылай және арнайы диплом табыс етілді. Шара соңында барлық қатысушыларға мерекелік дастархан жайылды.

Айта кету керек, жүлделі орынға ие болған үш командға алда Өкілдік деңгейінде өтетін үлкен футбол турниріне жолдама берілді.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары