Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алматы: "Әбу Бәкір" мешітінде 100 кітап оқу жобасының тұсаукесері өтті
28 наурыз, 2019 жыл 100 Басып шығару нұсқасы

 

Алматы қаласы, Наурызбай ауданында «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен «еліміздің 100 кітап оқу жобасы аясында айына 1 кітап оқу» сайысының тұсаукесері болып өтті.

Биылғы 2019 жылдың басынан Наурызбай ауданы мешіттерінде тәлім алып, білімін шыңдап жүрген жас буын шәкірттер арасында еліміздің 100 кітап оқу жобасын негізге алып, әр айда бір кітап оқу жоспарланған болатын. Оқитын кітабымыздың алғашқысы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі суреттелген «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы болып бекітілді. Аталмыш кітапты тәмамдаған шәкірттерге кітап төңірегінде сұрақтар қойылып, қызулы жарыс өткізілді.

Сайысымызға Алматы қаласының «Жастар ісі» секторының өкілі, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев қонақ болып, жастарға өнегелі насихат айтты. Сайысқа қатысушы үміткерлердің барлығына сыйлықтар үлестіріліп, алғашқы үштікті иеленген оқырмандарға қаржылай және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Жастарды білімге талпындыру мақсатында ұйымдастырылған шарамыздың екінші кітабы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын оқу болып бекітілді.

Бұл шараның маңызды тұсы уақытты дұрыс пайдалану мақсатында жастарымызға кітапты қолжетімді, электрондық нұсқада смарт телефон арқылы оқуға үгіттеп, уақытты тиімді өтізуге атсалысу.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары