Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ МӘСКЕУДЕ БАСТАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУДА (ФОТО)
28 наурыз, 2019 жыл 11 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында Дүниежүзілік Ислам Лигасының ұйытқы болуымен «Ислам – мейірімділік пен бірліктің жаршысы» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады.

Халықаралық басқосуға мұсылман мемлекеттерінің мүфтилері, дін қайраткерлері, көрнекті ғалымдар, діни қауымдастықтың жетекшілері қатысуда.

Қазақстан тарапынан Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бен Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы конференция жұмысына қатысуда.

Конференцияда бүгінгі мұсылман үмбетінің бірлігі, дінаралық диалог пен өзара келісімнің келешегі, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мейрімділікке негізделген жолы, т.б. мәселелер төңірегінде мазмұнды баяндамалар жасалуда.

Серікбай Сатыбалдыұлы конференция аясында бірқатар мүфтилермен сұхбаттасты.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары