Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Жамбылдың үздік шыққан қариы Кіші қажылыққа жолдама алды
29 наурыз, 2019 жыл 143 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Жамбыл облысында ең үздік Құранды мәнерлеп оқушы анықталды. "Әбу Бәкір әс-Сыддық" мешітінде VIII республикалық Құран жарысына іріктеу болып өтті. Өлкелік сайысқа облыстың түкпір-түкпірінен жалпы - 99 үміткер қатысты.

Сайыс шарты бойынша Құран оқушылар төрт номинация бойынша: Құранды толық жатқа айту; Құранның 20 парасы; Құранның 10 парасы; Құранды мәнерлеп оқу, сонымен қатар сауат ашу курс шәкірттері де жарты және бір пара бойынша өз бақтарын сынады. Үміткерлер әділқазылар оқыған аятты жалғастырып әкетіп, мүдірмей, қатесіз, мәнерлеп, мақаммен, тәжуид қағидасын сақтап оқуы тиіс. Сонымен қатар, Құран оқушының дауысы да бағаға алынды.

Әділ қазылар алқасының құрамында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл, "Әбдіқадыр" мешітінің имамы А.Ахметов, "Хамрақұл" мешітінің имамы А.Ахметов, "Шейх Зүннүн" мешітінің имамы А.Хадиметов, "Құлбай баба" мешітінің ұстазы Қ.Мырзабеков, "Әбу Бәкір әс-Сыддық" мешітінің имамы Б.Расулұлы республикалық және халықаралық Құран жарыстарының иегері қари Д.Қолағұл болып, төрелік етті.
Үздік шыққан жастар арнайы орындарды иеленді. Барлық жүлдегерге ақшалай сыйлықтар тағайындалса, Құранды толықтай жатқа оқыған жеңімпазға «Ұмра қажылығы» нәсіп болды. 

Жарты пара бойынша:
1-ші орын Жәпек Рахымжан (20 000)
2-ші орын Сайлау Димаш (15 000)
3-ші орын Асан Ерсұлтан (10 000)

Бір пара бойынша:
1-ші орын Хамитов Имран (30 000)

2-ші орын Мамаков Салохиддин (25 000)
3-ші орын Абдигапиров Абдурахман (20 000)

Құранды мәнерлеп оқу бойынша:
1-ші орын Жұбатқанов Жалғасбай (30 000)
2-ші орын Бектаев Қасымжан (25 000)
3-ші орын Рузметов Расулжон (20 000)

10 пара бойынша:
1-ші орын Нұрмахамбет Сұлтан (75 000)
2-ші орын Дауров Абдурахим (50 000)
3-ші орын Юров Исмайл (40 000)

20 пара бойынша:
1-ші орын Нуралиев Қуаныш (100 000)
2-ші орын Усыров Фехим (75 000)
3-ші орын Джинуров Юсуф (50 000)

30 пара бойынша:
1-ші орын Лиров Нур-Мухаммад (Ұмра)
2-ші орын Усыров Амин (150 000)
3-ші орын Маву Мухамед (100 000)

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары