Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БҚО: Өнерлі қыз, өнегелі ана
29 наурыз, 2019 жыл 21 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Батыс облысы бойынша өкілдігінің әйелдер – қыздар секторы «Орал»орталық мешітінде Наурыз мейрамының құрметіне «Өнерлі қыз, өнегелі ана» атты әйел жамағаты арасында сайыс ұйымдастырды.

Сайыстың мақсаты - қазақ халқының үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде отбасылық дәстүр мен қазақ қызына тән адамгершілік, имандылық сынды асыл қасиеттерді қалыптастырып, халық өнегесін үйрету. Бұл сайысқа Д.Ғайсақызы мен А.Ержанқызы, М.Балтабайқызы мен  С.Ерланқызы, Л.Мәлікқызы мен А.Талғатқызы, Г.Өтебайқызы мен С.Қобыланқызы, Қ.Талғатқызы мен А.Мұратқалиқызы құраған бес жұп өз өнерлері, білімдері, тапқырлықтары және шеберліктерін танытып, сынға түсті.

Сайыста сөз алған Орал орталық мешітінің наиб имамы Ерденбек Ихсанов үміткерлерге сәттілік тіледі. Облыстық мешітінің азаншысы Асхат Асылбеков дұға оқыды. Сектор меңгерушісі А.Демеутова қазылар алқасының төрайымы мен мүшелері Б.Мырзағалиева, Р.Дәулетова, А.Шәутімова, А.Малғажыны таныстырды.

"Өнерлі қыз, өнегелі ана" сайысы 5 бөлім бойынша өтті. Сайыста ана мен қыздары барлығы дерлік қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын нық сақтағандары, ортада өз-өздерін ұстауынан, сөйлеу мәнерлерінен, жүріс-тұрысы мен киім-киістерінен-ақ көрініп тұрды.

Жүлдегерлер алғыс хат пен сыйлықтармен марапатталды.

Сайыстан кейін аяулы аналар мен аруларымыз ақдастарханда бас қосып, ақжаулық әжелеріміз ақ батасын берді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары