Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ САРБАЗДАРДЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ
30 наурыз, 2019 жыл 26 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Қызылорда облысының аумағында әскери тік ұшақтың апатқа ұшырап, 13 жауынгердің қаза болуына байланысты көңіл айтты.

«Қазақта "жазмыштан озмыш жоқ" деген сөз бар. Мемлекетіміздің тыныштығы мен еліміздің амандығы жолында борышын өтеп жүрген жас жауынгерлердің қазасы туралы қаралы хабар біздің де жанымызға қатты батты. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір өсиетінде: «Отанын күзеткен шекарашының көзі ақыретте күймейді», - деген. Ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған Отанның азаттығы мен тыныштығын қорғау өшпейтін өнеге, үзілмейтін ізгі амал. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан марқұмдардың ата-анасына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтып, сабыр тілеймін. Алла Тағала қазаның артын қайырлы етіп, Жаратушы Иеміз өз мейіріміне бөлесін!» - делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары