Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қарағандыда VIIІ Республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті
02 сәуір, 2019 жыл 19 Басып шығару нұсқасы

Бүгін  облыстық  «Әнет баба» мешітінде ҚМДБ-ның Құран Кәрімді жатқа және мәнерлер оқу бойынша VIIІ Республикалық Құран жарысына Қарағанды облысы бойынша іріктеу сайысы жүргізілді. Сайысты Қарағанды облысының өкіл имамының орынбасары Кәрсембай Дархан Асылтайұлы ашып, қатысушыларға қысқа ақыл-кеңестер бере келе, оларға табыс тіледі. Келесі кезекте қатысушыларды арнайы бекітілген әділқазылар алқасы сарапқа салды. Олардың құрамында Кәрсембей Дархан Асылтайұлы, Абилов Марғұлан Балтабайұлы, Айбек Омар Ғалымжанұлы, Фарук Ок, Мухаммад Мустафа Мухаммад Месеббаһ болды.

Қазылар алқасының шешімімен осы жылы өтетін VIIІ Республикалық Құран жарысына Қарағанды облысының атынан 30 пара бойынша бірінші орын Исмаилов Азамжан , 20 пара бойынша бірінші орын  Рамазан Мұрат, 10 пара бойынша бірінші орын Амангелдинов Жасұлан иеленді. Ал мәнерлеп оқу номинациясы бойынша бірінші орынды Аманжолов Сұлтан қанжығасына байланды.

Облыстық іріктеу сайысында үздік шыққан үміткерлерге алғысын білдірген өкіл имам Өмірзақ  Бекқожа оларға алда болатын Республикалық сайыста жоғары нәтиже көрсететініне сенім білдірді. Сайысқа қатысқан барлық үміткерлер өкіл имамның «Марапат хатымен» марапатталды.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары