Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Астана: «Әз-Наурыз – салтымыздың айнасы» атты мерекелік шара өтті
03 сәуір, 2019 жыл 17 Басып шығару нұсқасы

Жылдағы дәстүр бойынша әйел жамағаты ұлтымыздың ұлық мерекесі Наурызды салтанатты түрде атап өтті. «Думан» қонақ үйінде өткен шараның басында «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы ашылу сөзін сөйледі. Мерекелік кеш барысында 5 ауылға бөлінген қатысушылар ұлттық салт-дәстүрімізден арнайы дайындаған көріністер ұсынып, әуелеген әсем ән мен күмбірлеген тәтті күйден шашу шашты. Көрермендер «Абай» ауылында қыз ұзатып, «Береке» ауылында келін түсірді, «Жамбыл» ауылында келін күтімі жайында мағлұмат алып, «Ақ ниет» ауылында жаңа туған сәбиді қырқынан шығару дәстүрін тамашалады. Ал «Ақ шатыр» ауылы күнімізде ұмытылып бара жатқан баланың бауырынан табақ алу, тоқым қағу дәстүрлерін жиналған қауыммен бірге жаңғыртты.

Сондай-ақ, «Ақ кербез», «Балауса» би ансамблінің мың бұралған бишілері мен ақ жаулықты «Әжелер» тобы салтанатты кештің сәнін келтіріп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Наурыз мерекесінің өз деңгейінде өткеніне дән риза болған қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, «Қазақстан» ұлттық арнасының продюсері Танакөз Толқынқызы және танымал психолог Лимана Қойшиева жылы лебіздерін білдіріп, ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі, «Жібек» қыз-келіншектер клубының жетекшісі Динара Нұрғалиеваға және мерекелік шараға атсалысқан барша ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Кеш соңында жиналған қауым ұлттық тағамдарға толы дастархан басына отырды.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары