Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Атыраулық жұмыссыз және көпбалалы аналарға тегін шеберлік курсы өткізіледі
03 сәуір, 2019 жыл 105 Басып шығару нұсқасы

Атырауда жұмыссыз және көпбалалы аналарға арналған «Сенің табысың - сенің қолыңда» атты ақысыз шеберлік сыныптары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бір күндік курсқа көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар және жұмыссыз әйелдер тіркеле алады. Ұйымдастырушылар 30 адамды қамтуды жоспарлап отыр. Курсты қаладағы белгілі визажист Бақыт Мырзағалиева, кондитер Динара Асимова және тігінші Айзада Кенен өткізеді.   «Біз үйде жұмыссыз отырған аналарға көмектескіміз келеді. Алдағы кезде олар өз істерін ашуы да мүмкін. Қазір қандай салаларға сұраныс бар - шеберлік сынып өткізу үшін соларды таңдап алдық. Сондай-ақ, шеберлік сыныптары кезінде қатысушылар күндізгі және кешкі макияж жасауды, ең дәмді торттарды пісіруді, тігіп, пішуді үйренеді. Косметика, ингредиенттерді, жұмысқа қажетті құрал - саймандарды ұйымдастырушылар береді. Ауысымды аяқ киім мен алжапқышты қатысушылар өздері алып келуі тиіс»,-деп түсінік берді «Алаш мәдениеті» ҚБ-нің төрайымы Динара Ахимова.

 





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары