Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қызылорда: Үздік шәкірттерге шипажайларға жолдама берілді
03 сәуір, 2019 жыл 89 Басып шығару нұсқасы

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне қарасты «Құран жаттау» орталығының үздік шәкірттеріне шипажайларға жолдама берілді.

Осыдан бір жыл бұрын ашылған облыстық мешіт жанындағы «Құран жаттау» орталығында «Құран курсы» тұрақты жүргізіліп келеді. Бүгінде аталмыш орталықта қари болуға ден қойған 7-66 жас аралығындағы ынталы шәкірттер білім алуда. Жас ерекшеліктеріне қарай «үлкен» және «кіші» болып екі топқа бөлінген. Орталықтың бағдарламасына сәйкес, білім алып жатқан шәкірттер әліптен бастап әріп танып, тәжуид ережелерін өткен соң, қари М.Абжалеловтың тәсілі бойынша Құранды толық жаттауға машықтануда. Алдыңғы дені Құран Кәрімнің 2 парасын жатқа біледі.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Құран курсында» 6 ай білім алған шәкірттерге сертификат табыстау рәсіміне арнайы қатысқан Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы «Үлкендер» тобында оқитын 50 шәкіртті құттықтап, курсты сәтті тәмамдағандары үшін сертификат табыстады. Және де әрдайым белсенділік танытқан Есенов Нұрдалы, Жұманов Қайрат, Мырхиев Абдикамал есімді шәкірттерге «Сарыағаш», «Жаңақорған» шипажайларына жолдаманы тарту етті. Өкілдіктің ұйымдастыруымен үздік шәкірттерді ынталандыру мақсатында, жомарт азаматтардың демеушілігімен, қолға алынған бастама әлі де жалғасын таба бермек.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары