Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақтөбе: Аяулы ана - асыл тәж
03 сәуір, 2019 жыл 29 Басып шығару нұсқасы

Наурыз айының соңғы Жұмасында Ақтөбе қаласындағы Әйелдер сауат ашу орталығында «Аяулы Ана – асыл тәж» деген тақырыппен ақ жаулықты әжелер мен аналарға, қыз-келіншектерге арналған ауқымды шара өтті. Бұған мешіттің әйелдер жамағаты, өңіріміздегі арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері, әртүрлі мамандық иелері, соның ішінде, жас мамандар қатысып, ерекше белсенділік танытты.

Шара барысында Әз Наурыз мейрамына орай өткізілген әртүрлі мерекелік іс-шаралардың қорытындысы шығарылды. Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Кенжегүл Қошқарова жеңімпаздар мен жүлдегерлерді «Алғыс хаттармен» марапаттап, лайықты сый-сияпат ұсынды. Бұл басқосуда Аналарға арналған өлеңдер оқылды.

Ауқымды шараның келесі бөлігінде «Жарық» ақпараттық-кеңес беру орталығының ұйымдастыруымен, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының психологы Эльмира Қайырғалиқызы психологиялық семинар-тренинг өткізді. Тренингтің тақырыбы – «Тайм-менеджмент», яғни, «Уақытты қалай тиімді қолдана аламыз?» деген мәселеге арналды.

Әйелдер сауат ашу орталығында ұйымдастырылатын дәрістер мен семинарлар кезінде ересектермен қатар, балаларға арналған арнайы бағдарламалар бойынша шаралар өткізу қарастырылған. Демек, сан алуан тақырыпты қамтитын түрлі маңызды басқосуда абзал аналардың өз балаларымен бірге дамып, ілгері қарай сеніммен қадам басуына мүмкіндік мол.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары