Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Павлодарда Республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті
03 сәуір, 2019 жыл 102 Басып шығару нұсқасы

Павлодар қалалық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде ҚМДБ-ның Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIIІ Республикалық Құран жарысына Павлодар облысы бойынша іріктеу сайысы жүргізілді. Сайысты «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қабаев Қанат ашып, қатысушыларға қысқа ақыл-кеңестер бере келе, оларға табыс тіледі. Келесі кезекте қатысушыларды арнайы бекітілген әділқазылар алқасы сарапқа салды.  Сайысқа облысқа қарасты 12 ауданнан 25 үміткер қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен осы жылы өтетін VIIІ Республикалық Құран жарысына Павлодар облысының атынан 30 пара бойынша бірінші орын Жұмалинов Манас Айдарұлы, 20 пара бойынша бірінші орын Арынгазинов Арслан  Жақсыбайұлы, 10 пара бойынша бірінші орын Жамшыбай Абдулкарим  иеленді.

Мәнерлеп оқу номинациясы бойынша бірінші орынды қалалық «Ақмешіт» мешітінің атынан қатысқан Ақбас Нұрислам Юсупұлы қанжығасына байласа, екінші, үшінші орындарды «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің шәкірті Нугуман Ералы және «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің шәкірті Смахан Азамат Кенжебекұлы иеленді.

Облыстық іріктеу сайысында үздік шыққан үміткерлерге алғысын білдірген қазылар алқасы оларға алда болатын Республикалық сайыста жоғары нәтиже көрсететініне сенім білдірді. Сайысқа қатысқан барлық үміткерлер өкіл имамның «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары