Көмекке мұқтаж балаларды қолдау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы «Защита» мешіті «Жақсылықта жарысайық» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Ізгілік шарасына Өскемен қаласындағы «ШҚО Білім басқармасының арнайы мектеп-интернатында» тәрбиеленіп жатқан жеткіншектер қамтылды.
Бұл қайырымдылық аясында көмекке мұқтаж 143 балаға киім-кешектер мен тәттілер, ойыншықтар таратылды.
Қайырымдылық көмегін табыстау сәтінде Өскемен қаласы «Защита» мешітінің бас имамы Алмас Кенжеғұлов:
«Біз мешіт жанынан ерікті жамағаттардан қайырымдылық шарасын ұйымдастыратын топ құрып, арнаулы мектеп-интернатты осы шараға қамтып отырмыз. Біз мұнымен ғана шектелмей, алдағы уақытта мұқтаж отбасыларға көмек көрсететін боламыз»,- деп атап өтті.
Шараны ұйымдастырушыларға интернат басшылығы алғыстарын білдірді.
Пікірлер