Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Өскемен имамдары I тоқсанды қорытындылады
04 сәуір, 2019 жыл 21 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы имамдарының кезекті жиналысы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды. Алқалы шараға өңірдің ауыл, аудан, қала имамдары қатысты.

Жиында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы өткен тоқсанды қорытындылап, діни қызметтің маңыздылығына тоқталды.

Өкіл имам: «Имамның мәртебесі-діннің абыройы. Сондықтан Хақтың қызметіне, халықтың игілігі үшін әр имам аса жауапкершілікпен қарау керек. Имамдық қызмет-Алла Елшісінен мирас болғандықтан дін қызметкерлері осы қызметті дұрыс алып жүру аса маңызды» деді. Өкіл имам сонымен қатар өңірде уағыз-насихат шараларын пәрменді жүргізу бұл бағытта бірқатар аудандарға арнаулы ЖАНТ бойынша насихаттық кездесулерін жоспарлап отырғандығын жеткізді.

Жиында биылғы 3 айда атқарылған шаралар талқыланып, алдағы жоспарлы шаруалар белгіленді. Жастар ісі, БАҚ саласы, «Зекет» қоры бойынша жауапты мамандар атқарылған шаралар бойынша есеп беріп, осы бағыттағы іс-шараларға талдау жасады.

Сонымен қатар қасиетті Рамазан айына әзірлік мәселесі пысықталып, өкіл имам аудан және қала имамдарына жеке-жеке нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді.

Жиналыс барысында өңірде ұзақ жылдар бойы абройлы қызмет атқарып келе жатқан бірқатар имамдар өкілдіктің «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары