Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Шымкент: Құран жаттау орталығыда мерекелік шара ұйымдастырылды
04 сәуір, 2019 жыл 272 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Шымкент қаласында орналасқан «Ықылас» қаридар дайындау орталығының әйел-қыздар бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік дастархан жайылды.

Мерекелік шараға аталмыш оқу орнының құрылтайшысы Қалиолла Маджанов, «Ықылас» қаридар дайында орталығының директоры Ықыласхан Майлан, қалалық «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінің ұстазы Балжан Досжанова т.б. ұстаздар мен шәкірттер қатысты.

Ұйымдастырылған шара барысында Қалиолла Маджанов ақыл-кеңестер беріп, құттықтау сөзін айтып, ақ батасын берді. Ал ұстаздар мен шәкірт қыздар тарапынан ғибратты әңгімелер, сахналық көріністер қойылып, қатысушылар рухани нәр алды.

Осыдан кейін, әйел ұстаздар арнайы қайырымдылық жәрмеңке ұйымдастырды. Оған шәкірт қыздардың қолдарынан шыққан (тәсбі, моншақ, құрақ көрпе, т.б.) қолөнер бұйымдар қойылып, сатылымға шықты.

Айта кету керек, мерекелік дастарханға 200 адам қатысты.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары