Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНЕ КЕЛГЕН ШЕТЕЛДІК ТУРИСТ ИСЛАМ ДІНІН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)
14 ақпан, 2018 жыл 138 Басып шығару нұсқасы

Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бүгінде атақ-даңқы алысқа жайылып, әлемнің көптеген еліне танымал бола бастағанын айтып жатудың өзі артықтау. Елордамызға ат басын тіреген шетелдік қонақтардың бұл мешітке бас сұқпай кететіні де кемде-кем. Астанаға ағайыншылап келген ел тұрғындарының саяхаты да осы құлшылық ордасынан басталып жатады.

Сәулеті мен сәні жарасып, алыстан менмұндалаған алып құлшылық ордасы еліміздегі Ислам дінінің биік тұғырына айналғанының тағы бір мысалы бүгін орын алды. «Әзірет Сұлтан» мешіті жайлы мың рет естігенше, бір рет көріп қайтуды мұрат еткен Испания азаматы Филипп Верле (Philip Werle) арнайы келіп құлшылық ордасына зиярат етіп қайтты. Ислам діні жайлы қызығушылық білдіріп, таным-түйсігі ақиқат жолға жетелеген Филипп Верле «Әзірет Сұлтан» мешітінен алған әсері себепті шешім қабылдап, құлшылық ордасында ислам дініне бойұсынып, мешіттен мұсылман болып шықты. 47 жастағы кәсіпкер азамат Астанаға іссапармен келіп, қазақ халқының асыл қасиеттеріне тәнті болып, салт-дәстүрімен танысып, Ислам дінін зерттеп жүрген екен.

Шетелдік мейманның екі дүниеде бақытқа жеткізетін шешімге келіп, Ислам дінін қабылдауына «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлының уағыз-насихаты да ерекше серпін берді. Арнайы қабылдау өткізіп, асыл дініміз жайлы толыққанды мағлұмат бере өткен Наурызбай қажы Тағанұлы қадірлі мейманды мұсылман болуымен алғашқы болып құттықтап, иман жолындағы ілімін  арттыра түсуі үшін тағылымды кітаптар сыйға тартты. Мешіт имамдарынының мейірбандығына тәнті болған Филипп Верле ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары