Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Бас мүфти: «Шәкірттеріміз шетелде білім алуға тәуелді емес»
04 сәуір, 2019 жыл 16 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ орталық аппаратында Республикалық ақпараттық насихат тобының жалпы жиналысы өтті. Жиын барысында РАНТ мүшелігіне үміткер дін қызметкерлері тест тапсырып, емтихан сұрақтарына жауап берді.

Былтыр РАНТ құрамында 28 маман жұмыс істеп, еліміздің түкпір-түкпірінде 250-ге жуық жалпы кездесу өтсе, 150 жеке кездесулер өткен. ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораздың айтуынша, биылдан бастап РАНТ мүшелерін екі есеге арттыру жоспарда бар.

"Қазір еліміздің дін саласын отандық мамандармен толық қамтамасыз етіп отырмыз әрі шетелде білім жетілдіруге тәуелді емеспіз. Өйткені, іргелі білім ордасы «Нұр-Мүбәрак» университетінде 1300-ден астам, барлық медресе-колледждерде 2000-ға жуық шәкірт тәрбиеленіп жатыр. Мемлекеттің қолдауымен шәкірттеріміз медреседен кейін бакалавр, магистратура, докторантурада оқуға мүмкіндік алып отыр. Соның нәтижесінде РАНТ мүшелерінің қатарын екі есеге арттыру ойда бар, маман тапшылығы жоқ", — дейді ол.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары