Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Оңтүстік Корея алғаш болып 5G байланыс жүйесін іске қосты
05 сәуір, 2019 жыл 84 Басып шығару нұсқасы

Елдегі ақпараттық-коммуникациялық технология және ғылым министрлігі хабарлағандай, SK Telecom, KT және LG Uplus операторлары 5G қызметін қолданушыларына ұсынуды бастаған. Қазіргі таңда Galaxy S10 және Оңтүстік Кореяда шыққан смартфондарды ұстайтындар үшін қолжетімді. Ары қарай операторлар жүйенің дамуын өз жоспарлары бойынша жүзеге асырады. Ел басшылығы 5G-ді наурыз айында іске қоспақ болған. Алайда оны қабылдай алатын смартфондардың санын көбейту үшін жоспарды ұзартуға тура келген.

5G байланыс жүйесі Оңтүстік Кореяда 2018 жылғы қысқы Олимпиада кезінде жаппай тестілеуден өтті. Мобильді байланыстың бесінші дәуірі (5G) аса жоғары жылдамдыққа ие. Қазіргі 4G-ден 20 есе жылдам жұмыс жасайды. Яки, жылдамдығы 25Гб/с-ты құрайды. Бұл дегеніміз - онлайн таратылымның өзін 8K (Ultra HD) сапасы бойынша көрсете алады деген сөз. 5G байланыс жүйесін тесттік режимде іске қосқан алғашқы ел - Швеция. Алайда Скандинавия түбегіндегі елдің тұрғындары бұл байланыс жүйесін 2021 жылдан кейін барып қолданады. АҚШ, Қытай мен Жапония елдері де 5G жүйесін енгізуде. Дегенмен елде толықтай емес. Ал Оңтүстік Корея өз аумағында бұл байланыс жүйесін толықтай қолданысқа енгізген алғашқы ел атанып отыр.


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары