Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Елордада қандай мамандықтарға тегін оқуға болады
05 сәуір, 2019 жыл 91 Басып шығару нұсқасы

Елорда тұрғындары еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Елорданың жұмыспен қамту орталығы қайта оқыту курстарына жұмыссыз азаматтарды қабылдап жатыр. Қайта даярлау нарықта қажетті мамандықтар бойынша жүргізіледі.

«Жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін қайта оқыту курстарына қабылдау жүргізілуде. Атап айтқанда, қайта даярлау курстары наубайшы, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі (педагогикалық білім міндетті), менеджер (сауда менеджері; сұранысы жоқ мамандық иелері, дипломның болуы міндетті), әкімші, электрмен және газбен дәнекерлеуші, киберқауіпсіздік маманы, анимация және бейнеграфика саласындағы маман, массаж (медициналық білім болуы керек) сияқты мамандықтар бойынша жүргізіледі. Оқу барысында ай сайын 16 759 теңге степендия төленеді. Қайта даярлау курсын ойдағыдай аяқтаған соң сертификат беріліп, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі», - деп мәлім етті орталықтан. 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары