Қарағанды 13:16 Бесін
  • 04:19 Таң
  • 05:58 Күн
  • 13:16 Бесін
  • 18:13 Екінті
  • 20:23 Шам
  • 22:02 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1972 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған; 1991-1992 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, сол жылы Мысырдағы әлем мұсылмандарының әйгілі Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат ...

ӨКІЛ ИМАМ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жергілікті оқу орындарының студент жастарымен кездесулерге қатысуда.  

Кездесулердің басты мақсаты – жастарды жат ағымдардан сақтандыру, тура жолға бағыттау, отансүйгіштікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады. Кезекті кездесу М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінде өтті. «Отан сүю иманнан» тақырыбымен өткен кездесуде Т.Омаров жастарға еліне еңбек етудің, ел игілігі жолында білім алудың маңыздылығын түсіндірді.

«Асыл дініміз Исламда да отансүйгіштікке, туған еліңді қадірлеуге айырықша мән берген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) Отаныңды, яғни тарихи мекеніңді сыртқы дұшпаннан қорғаудың қаншалықты сауап екендігі жайында бірнеше хадистер қалдырған.

Бірде бір сахаба Пайғамбарымыздан (ﷺ): «Я, Расулаллаһ! Ең абзал амал не?»-деп сұрағанда Алла елшісі (ﷺ): «Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру бір ай нәпіл ораза ұстап, түнде намаз оқудан қайырлы», - депті».  Отанды сүю - иманнан. Әр адам үшін кіндік қаны тамып, туып - өскен өз отанынан қымбат жері жоқ. Қандай бір шет елде болса да сол бір шаң басқан, қаңбағы желмен қаңғырған туған жерін сағынады да тұрады.

Отанымыздың ұлтарақтай ғана жері үшін қаһарман ата-бабаларымыз қасық қаны тамғанша күресіп, бізге мирас етіп қалдырды. Сондықтан, барлығымыз ата-бабаларымыздан мирас болып қалған жерді аманат деп, көздің қарашығындай сақтау баршамыздың борышымыз. Әр адамға өз отанын қорғау, оны сақтау парыз екен.

Иманды жандар, жүрегі түзу мұсылмандар өзінің отанын қастерлеп, өзінің отанын қорғап, отанын сүю киелі ұғым екенін білуі керек»,- деді бас имам өз сөзінде. Өз кезегінде қатысушылар сауалдарын қойып, жауап алды.

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика