Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақтөбеде жаңа мешіт ашылды
05 сәуір, 2019 жыл 29 Басып шығару нұсқасы

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында жаңа мешіт бүгін – қасиетті жұма күні ел игілігіне пайдалануға берілді. Имандылық үйінің салтанатты ашылу рәсімі Құран оқумен басталды.

Игілікті шараға Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысып, Мәртөк жамағатының қуанышын бөлісті. "Мешіт – имандылықтың ордасы. Дін – тұрақтылық мен татулықтың кепілі. Бүгінгі ашылған Алла үйі осы мақсатта халыққа қызмет етеді деп сенеміз. Баршаңызды мешіттің ашылуымен құттықтаймын!", - деп өзінің игі тілегін білдірді.

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан сөз сөйлеп, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің ыстық сәлемдемесін жеткізді. Т.Оспан: "Ақтөбеде 68 мешіт бар. Жамағаттың өтініші бойынша Ақтөбе қаласынан тағы да 4 мешіт салуға жер бөлініп отыр. Бүгінгі мешіттің құрылысының басы-қасында аудан басшылығы жүрді. Мұның барлығы да мемлекеттің дәстүрлі дініміздің дамуына жасап жатқан қамқорлығы деп білеміз. Бір қуанарлығы, Ақтөбедегі барлық мешіттерді жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындар салған. Яғни, шетелдік демеушілердің қаражатына тұрғызылмаған. Мәртөктегі мешіт те жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындардың көмегімен тұрғызылып отыр. Бұл – ақтөбеліктердің ұйымшылдығы мен ауызбіршілігін көрсетеді", - деді.

Салтанатты шара соңында мешітке келген барша жұртшылыққа арнайы ас берілді.

Еліміздің өнер саласындағы майталмандар мен «Музарт» тобының әншілері де бүгінгі қуанышты шараға қатысты. С.Майғазиев жаңа мешіттің алғашқы азанын шақырып, өкіл имам Төлеби Дәділұлы жұма намазын жүргізді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары