Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ «С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
05 сәуір, 2019 жыл 16 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жамағатымен кездесіп, ұрпақ тәрбиесі жайлы жұма уағызын жүргізді.

«Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі» тақырыбында уағыз айтқан Бас мүфти:

«Балаларды сүйіспеншілікпен тәрбиелеп, махаббат нұрын жаудыру әр ата-ананың міндеті. Бұл тұрғыдағы үлкен идеалымыз – Пайғамбарымыз ﷺ. Ол бірде балаларын еміреніп сүймейтінін айтқан бәдәуиге:  «Алла Тағала жүрегіңдегі мейіріміңді алып қойған болса, мен не істейін енді?» – деп реніш білдірген. Себебі мейірімділікпен өскен бала да мейірімді болады. Мейірімділік жүректі жібітіп, жұмсақтығын жоғалтпауын қамтамасыз етсе, қатыгездік пен салқындық, керісінше, жүректі қатайтады.  Әдепті болу, қай кезде де текті тәрбиенің жемісін көрсету деген сөз. Міне, мұндай ұрпақ, Абайша айтсақ, ата-ананың көз қуанышы, қызығы мен сүйініші», - деп атап өтті.

Сондай ақ, Бас мүфти қалалық «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысып, жаңа тағайындалған бас имам Нұрлан Рмазановқа мешіт жұмысын жандандыра түсуді тапыра келе, қызметіне табыс тіледі. 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары