Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Павлодарда тағы бір көп балалы отбасыға пәтер берілді
05 сәуір, 2019 жыл 26 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ «Зекет» қорының аймақтағы өкілдіктерінің ұйытқы болуымен Павлодарлық қамқоршысыз қалған көп балалы жалғызбасты анаға екі бөлмелі пәтер кілті табыс етілді. Игі шараға ҚМДБ «Зекет» қорының директоры Талғат Омаров және қор қызметкерлері қатысты.

Жаңа пәтерге ие болған Бейсембенова Жанар, жолдасы қайтқанына бір ай ғана болған, 4 қызы бар, ал бесінші баласына аяғы ауыр. Талғат Сейіткәрімұлы жаңа пәтер иесі Жанар Қабидоллақызына және  оның туыстарына көңіл айтты.

ҚМДБ «Зекет» қорының  директоры келесі кезекте «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ауласында әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Қайырымдылық жәрмеңкесінің» жұмысымен танысып, осы мешіт ауласында жергілікті жамағат, кәсіпкерлер арқылы ұйымдастырылған «Барыңмен бөліс!» атты қайырымдылық акциясына қатысты. Бұл акция арқылы осы жолы мұқтаж болған 100 отбасына азық-түлік пакеттері және әртүрлі киім-кешектер үлестірілді.

Қасиетті жұма күнгі жұма намазына дөп келген Талғат Сейіткәрімұлы намазға жиналған мыңдаған жамағат алдында зекет парызы туралы толық түсінік беріп, алда зекетті электронды онлайн түрінде қалай өтеу туралы арнайы бейнероликпен түсіндірді.

Шара соңында Павлодар тұрғындарына және  игі шараға үлес қосқан азаматтарға алғысын білдіріп, Павлодар облысына қарасты қала, аудан мешіті имамдарына, қаладағы белгілі кәспкерлермен кездесу жасаған ҚМДБ «Зекет» қорының директоры оларға зекет парызы, оны өтеу жолдары туралы кең көлемде әңгімелеп, сұрақтарына жауап берді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары