Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қайрат Құрманбаев: Жемқорлықтың емі – адамның рухани кемелдігімен байланысты
06 сәуір, 2019 жыл 108 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде «Алматы – адалдық алаңы» жобасының шеңберінде «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ  қабылдамауды қалыптастырудағы рухани және адамгершілік» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен қалалық Қоғамдық даму басқарма басшылары қатысқан жиында Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди:

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес  Қазақстанда ғана емес, Мысырда да қоғамның басты назарында. Қазіргі уақытта  әлем үшін экстремизм мен терроризм және сыбайлас жемқорлық ең үлкен проблемалардан. Осы орайда біз студенттерге  жемқорлыққа қарсы адамның ар-ұжданын, ұятын дамыту арқылы Алла берген  несібеге  разы болудың маңызын үйретудеміз. Өмірде бай мен кедейдің болуы заңдылық және оның әрқайсысының өз хикметі бар. Сондықтан адам баласы несібесіне разылық танытып, адал ризық іздеуі керек. Ал жемқорлықтың өзегі пара, яғни харам  ақша болса, Алла Тағала харамға ешқашан береке бермейді», — деді.

Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму басқарма басшысының орынбасары Айдар Есенбеков мырза: «Елімізде жемқорлыққа қарсы күресте дін мамандарының, имамдардың, яғни Нұр-Мүбарак университеті түлектерінің үлесі зор. Өйткені ислам дінінде пара алушы да, берушінің де күнәсі ауыр. Осыны діни қызметкерлеріміз жақсы түсініп қана қоймай, қоғамда тазалықтың орнауына барынша ат салысып, жамағаттарды ұйытып, адалдыққа бастап жатқанына куәміз»,-деп діни мамандардың қоғамдық кеселге қарсы күрескерлік қызметтерін де ерекше атап өтті.  Ал проректор, профессор Қайрат Құрманбаев:

"Сыбайлас жемқорлық – қоғамның ішінен ірітетін әлеуметтік кесел. Бұл жөнінде дінімізде ашық, анық айтылған. Кез келген көлікті ішкі тарапынан тоқтататынымыз секілді адам баласының жандүниесі адал мен арамды ажыратып, тиісті жерінде тартынып, өзін бақылау мүмкіндігі болса, ол міндетті түрде сыртқа әсерін береді. Ал адамның өзі іштей өзгермейінше, оны сыртынан қанша ықпал еткенімен нәтижесі екіталай. Біздің де негізгі мақсатымыз осы бағытта қоғам кемелдігіне барынша қызмет ету",- деді.

Модератор ҚРМҚІСЖҚІҚ агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департамент өкілі Елнар Игіліков семинар кеңестің өтуіне ат салысқан Нұр-Мүбарак университетінің басшылығына, студенттерге зор алғысын білдіріп, бұл кеңестің де өз жемісін беретіндігіне сенім білдірді. 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары