Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақмола облысы: Атбасар аудандық мешітінде Республикалық байқауға іріктеу өтті
08 сәуір, 2019 жыл 23 Басып шығару нұсқасы

Атбасар аудандық мешітінде ұйымдастырылған шара жергілікті Құран жаттаушылар мен мәнерлеп оқушылардың  өнегесін ұғынуға арналды. Республикалық байқауға іріктеу түрінде өткен сайысқа Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалалары мен Ақмола облысының аудандарынан барлығы 36 жас қари қатысты. Олар төрт аталым бойынша бақ сынасып, үздіктер қатарынан көрінуге тырысты.

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит өз сөзінде Құранды үйрену, оны басқаларға үйретудің тағылымы мол екенін келтіре отырып, мұндай байқаулар жас Құран жаттаушыларды бұдан терең білім алуға дәнекер болатынын атап көрсетті.

Байқау қатысушыларына әл-Азһар университетінің түлегі, республикалық Әзірет Сұлтан мешітінің ұстазы Дінмұхаммед Сманов, ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігінің наиб имамы Мухаммад-кутуб Файзиев және VII-Республикалық Құранды мәнерлеп оқу сайысының жеңімпазы, облыстық «Науан Хазірет» мешітінің наиб имамы Тәкен Тұрдақын әділқазылық жасады. Жүйрік шығып, марапатқа ие болғандар алдағы күндері Алматы қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

«Отыз параны жатқа айту» аталымы бойынша:

1 орын (60 000 теңге) – Әбдуәли Асқарұлы

2 орын (50 000 теңге) – Мұхтар Ерқанатұлы

«Жиырма параны жатқа айту» аталымы бойынша:

1 орын (50 000 теңге) – Талпын Құрманбекұлы

2 орын (40 000 теңге) – Ақжарқын Асқарұлы

3 орын (30 000 теңге) – Нұрмұхаммад Шухтарұлы

«Он параны жатқа айту» аталымы бойынша:

1 орын (40 000 теңге) – Мырзабек Мәжитұлы

2 орын (30 000 теңге) – Әлібек Жамбылұлы

3 орын (20 000 теңге) – Мағжан Рақымжанұлы

«Мәнерлеп оқу» аталымы бойынша:

1 орын (30 000 теңге) – Рапих Фарух

2 орын (20 000 теңге) – Парасат Аманжолов

3 орын (15 000 теңге) – Әбілқасым Әбдірахманұлы

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары