Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алматыда бүлдіршіндер арасында ІІІ Құран жарысы өтті
08 сәуір, 2019 жыл 15 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 6 сәуір күні бүлдіршіндер арасында ІІІ Құран жарысы Алматы қаласы Орталық мешітінде өтті.

Додалы жарыстың шымылдығын қаламыздың Бас имамы Еркінбек Керімбекұлы ашып, өзінің жүрекжарды лебізін білдірді.

Бас имам: «Құрметті мұсылман бауырлар! Ардақты ата-аналар! Бүгінгі додалы жарысымызға қош келіпсіздер! ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің қолдауымен өтіп жатқан бүлдіршіндер арасында ІІІ Құран жарысын Алла Тағала бәрімізге құтты да берекелі етсін! Елдің баянды болашағы мен кемел келешегі – бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі жастардың қолында. Сондықтан да бүгінгі жарыстың негізгі мақсаты – өскелең ұрпағымызды Құран тағылымынан нәр алған, иманды да адамгершілігі мол, ғылым-білімге құмар азаматтар етіп тәрбиелеу болмақ. Осы ретте мен жарысқа қатысушы барлық бүлдіршіндерімізге сәттілік тілеймін», – деді.

Жарысқа еліміздің әртүрлі аймақтарынан тоқсан бес (95) бүлдіршін қатысты: елу екі (52) – ұл бала, қырық үш (43) – қыз бала. Олар Құран Кәрімнің «Мұтаффифин» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқып, өзара бақ сынасты.

Төрешілер жарыста Құран аяттарын қатесіз, мәнерлеп оқуда жүлделі орындарға ие болған бүлдіршіндерімізге қаржылай сыйлықтар табыстады. Ал, ерекше көзге түсіп, ынталандыру сыйлығына ие болғандарға велосипедтер берілді. Жарысқа қатысқаны үшін қалған бүлдіршіндерімізге арнайы сыйлық ретінде самакаттар тарту етілді.

 

Ұл балалар арасында ІІІ Құран жарысының жүлдегерлері:

І орын – Саятұлы Әли, Алматы қаласы (100 000 тг).

ІІ орын – Орынбасарұлы Халид, Түркістан облысы (75 000 тг).

ІІІ орын – Бабаназарұлы Әділхан, Алматы облысы (50 000 тг).

 

Қыз балалар арасында ІІІ Құран жарысының жүлдегерлері:

І орын – Абдулғани Жасмин, Алматы қаласы (100 000 тг).

ІІ орын – Мұқамбетқали Бегімсұлу, Қызылорда облысы (75 000 тг).

ІІІ орын – Жанарбекқызы Амина, Алматы қаласы (50 000 тг).

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары