Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Павлодар: Медресеге спорт залын салуға қада қағылды
08 сәуір, 2019 жыл 102 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ «Зекет» корпоративтік қорының директоры Талғат Омаров Павлодар облысына келген іс-сапары барысында Павлодарский аулында орналасқан «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде болып, медресе өмірімен толық танысты. Осы сәтті пайдаланып Талғат Сейіткәрімұлы  аталмыш медресенің  оқу-ағарту және материал-техникалық базасын нығайту үшін ҚМДБ-ның облыс өкілдігі мен «Зекет» қорының жергілікті филиалының атқарып жатқан іс-шараларына жоғары баға берді.  Сонымен қатар  «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне арнап дене шынықтыру-спорт залын салу бастамасын көтеріп жатқан өңірдегі азаматтармен бірлесіп, аталмыш оқу орнының жанына спорттық кешенмен жатақхана салуға арнайы бөлінген жерге қада қағу рәсімін жасады. Ол жер трактормен тегістеліп, арнайы дұға жасалып, әжелер шашу шашып, ақсарбас шалынып,  ақсақалдардан игі  баталар  берілді.

ҚМДБ «Зекет» қорының директоры өз сөзінде: «..Халқымыздың діні, тілі, салт-дәстүрі – елдігімізге кепіл басты құндылықтардан.  Тарихта бай-бағланның емес, ғұлама ғалымдардың, соңына өнегелі мұра қалдырған қолбасшы, патшалардың есімдері сақталғанына куәміз. Сондықтан бізге берген Алланың нығметі «Әбу Бәкір Сыддық» медресесін дамыту сіз бен бізге аманат.  Сондықтан осы ізгі бастама ел болып қолдауды қажет ететін Алланың да, келешек ұрпақтың да алдында сауапты да жауапты іс»,-деді. 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары