Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
5000-ға жуық бала қазақша мультфильмді тегін тамашалады
09 сәуір, 2019 жыл 17 Басып шығару нұсқасы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы 7 сәуір күні «Күлтегін» мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды.

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ж.Сейдуллаұлының айтуынша, мультфильмнің екі сеансына  5000-ға жуық бала, оның ішінде көпбалалы және әлеуметтік әлеуеті төмен отбасылардан шыққан балалар, жетімдер үйінің тәрбиеленушілері мен мүгедек балалар қатысты.

— Бұл бір жағынан, қайырымдылық іс-шара. Екінші жағынан, отандық мультфильмдер жас көрерменнің ел тарихына деген қызығушылығын арттырады. Отандық анимациялық туындыларды көрсетудегі мақсат – даңқты батырлардың ерлігін, қазақ халқының мәдениетін анимация арқылы таныту, сондай-ақ жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу, — дейді Жеңіс Сейдуллаұлы.

Ерекше атап өтетін бір жайт, алдағы уақытта «Қазақконцерт» және «Қазақфильм» ұйымдарының бірлескен бастамасы жалғасын тауып, «Қазақстан» ОКЗ кинозалында мультфильмдер және қазақ кино өнерінің басқа да озық туындылары жас бүлдіршіндерге тегін көрсетілмек.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары