Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қызылжардағы Құран жарысына іріктеу
10 сәуір, 2019 жыл 23 Басып шығару нұсқасы

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен VIII Республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті.

Іріктеу сайысқа Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласынан және жергілікті қарилар бақтарын сынады. Атап айтсақ жиырмаға жуық қарилар төрт номинация бойынша өздерінің жаттау қабілеттері мен мәнерлеп оқу бойынша бақтарын сынады. Аталмыш іс-шараға «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай Байкемелұлы, және наиб имамы, қари Файзиев Мұхаммад Кутб, Ақмола облысы «Науан хазрет» орталық мешітінің ұстазы Махмуд Такен Тұрдақынұлы әділқазылық етті.

Сайысты қортындылай келе қатысушы қариларға мақтау қағаздары мен алғыс хаттар және сыйлықтар үлестіріліп, VIII республикалық Құран жарысына төрт номинация бойынша жолдамалар табысталды. Сайыс соңында СҚО бойынша өкіл имамы арнайы 30 пара бойынша Даукен Қайырбай 20 пара бойынша Хакимов Ахмадходжа 10 пара бойынша Хакимов Азизходжа және мәнерлеп оқудан Шоманов Алмас қариларға жолдамаларды табыстады.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары