Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Талдықорғанда «Бір күндік медресе» жобасы басталды
10 сәуір, 2019 жыл 25 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен "Бір күндік медресе" өз жұмысын бастады.

Ислам дінін тар ұғымнан арылту үшін және уақыт тапшылығымен дініміздің құндылығын үйрене алмай жүрген бауырларымызға арналып "Бір күндік медресе" жобасы қолға алынды.

Алғашқы дәрістегі сөз басында ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы аталмыш бағдарлама аясында өтетін сабақ барысымен жоба қатысушыларын таныстырды. Арнайы тіркелуден өтіп жиналған 70-тен астам тыңдаушылар легі екі топқа (ерлер және әйелдер) бөлініп, "Ислам дініндегі тазалық", "Халал және харам", "Намаз түрлері" сынды дәрістер өткізілді. Айта кетейік, «Бір күндік медресе» аптасына 1 рет өтетін дәріс арқылы (жалпы курс 4 апта) Ислам дінінің негіздерін және намазды толықтай үйренуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, келесі апталарда өтетін дәрістер бағдарламасында: Кіріспе (мешітпен таныстыру, терминология, Исламдағы халал-харам, дәрет алу); Намаз сабақ (намаз орындау тәртібі, сүрелер, дұғалар); Ислам парыздары (ораза, зекет, қажылық); Ақида, сенім мәселелері (қарама-қайшылық мәселелері); Пайғамбарлар тарихы сияқты дәрістер болып өтеді.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары