Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Министр дінтану сараптамасын жетілдіруді ұсынды
12 сәуір, 2019 жыл 3 Басып шығару нұсқасы

Елімізде діни мазмұны бар білім және ақпараттық материалдардың Конституцияға және заңға сай келуі тұрақты түрде тексеріледі. Бұл туралы Хабар арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«Дін деген — өте нәзік сала екенін түсіну керек. Заңнамаға енгізілетін әрбір шешім, әрбір өзгеріс өте тыңғылықты зерттелуі тиіс. Себебі, адамның құқығын қорғау, діни сенім бостандығы мен деструктивті ағымдардың әсері арасындағы балансты сақтай білудің маңызы зор. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда конфессияаралық келісімді сақтау ісінде орасан зор тәжірибе жинақталды. Бұны халықаралық сарапшылар да, байқаушылар да ерекше атап өтеді. Міне, бізге заңды жұмыс істеп жатқан діни бірлестіктермен қазіргі таңда осынау позитивті тәжірибені бекемдеп, ынтымақты, конструктивті өзара әрекетті күшейте беру керек. Бізге дінтану сараптамасын жүргізудің тиімділігін әрдайым арттырып отыру керек деп есептейміз. Бұл жерде діни мазмұны бар білім және ақпараттық материалдарды Конституцияға және заңға сай келуін тексеру туралы айтылып отыр», — дейді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, радикалды діни идеялардың тұзағына түскен жандарды оңалту жұмысына қазіргі уақытта баса назар аударылып отыр. «Жұмысты әртүрлі топтар жүргізуде. Оның ішінде бас бостандығынан айыру мекемелерінде де тыңғылықты жұмыстар жүргізіліп жатқанын айта кету керек. Террористік белсенділік танылған аумақтардан келіп жатқан жасөспірімдермен жұмысқа да ерекше көңіл бөлініп отыр. Жалпы, бұл бағыттағы шаралардың ауқымы өте кең, біз оларды халыққа жариялайтын боламыз», — дейді министр.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары