Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтына білімі мен тәжірибесін шыңдауға келген имамдар шетелдік ғалымдармен кездесті.
Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік Өзбек тілі және әдебиеті университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Нурбой Жабборов пен экономика ғылымдарының кандидаты Нуриддин Давганов имамдармен кездесіп, түркі тілдес елдерге ортақ әдеби мұра мен қарым-қатынас құралы болып табылатын – тіл мәдениеті жайында сұхбат жүргізді.
Ислам институтының директоры Мырзабаев Кенжеәлі Қоңыратбайұлы:
Жиынға қатысқан ғұламалардың қатарында Ислам институтының филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменей мен "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университеті, Халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі Сейдмухаммед Абдунаим мырзалар да қатысты.
Кездесу соңында институт директоры келген қонақтармен іскерлік қарым-қатынастың жалғасатынын білдіріп, имамдарды үнемі білімге ұмтылуға шақырды.
Пікірлер