Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Тараз: Имамдар мектептерге тал отырғызды
15 сәуір, 2019 жыл 154 Басып шығару нұсқасы

Игілікті істі қолға алған Тараз шаһарының имамдары шәкірттерімен бірге ертеңіміз болған жасөспірімдер оқитын мектеп аулаларына ағаштар отырғызды. Ұжым болып атсалысқан игі бастама аясында қаланың әр бұрышында орналасқан білім ордаларына жалпы 195 тал көшет егілді.

Мәселен, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі Қанат Жұмағұл бастаған облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті №23 орта мектептің ауласына 50 тал, №21 орта мектебіне "Асым ата", "Әбдіқадыр", "Намаз ата", "Тектұрмас", "Давруш ата", "Рахман-Рахим", "Салы молда", "Құрлал қажы" мешіттерінің қызметкерлері 40 тал терек отырғызса, №9 орта мектебіне барған "Әулие-ата", "Кеңесхан қажы" мешіттерінің имамдары 35 тал көшет екті. Олардың ішінде қара ағаш, жеміс ағаштары, мекемелер алдына арналған сәнді ағаштар бар.

Ал №55 орта мектебіне "Құлбай баба", "Айсұлу ана", "Хамрақұл", "Нәметбай ата", "Тұрсынбай ата", "Бегалы ата", "Иса Ахмет", "Әзіреті Әли" мешіттері 45 түп отырғызса,  №9 мектепке "Кеңесхан қажы", "Әулие ата", "Шейх Зуннүн", "Мырқалық", "Акрам төре", "Молда Мұхамеджан", "Миразиз", "Шәкіржан ата" мешіттері 25 тал отырғызған болатын. Сонымен қатар, Шөлдалада жаңадан ашылған мектепке де көшеттер жеткізілді.

«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі. Дін мамандарының бірлесіп атқарған бұл шарасы көпке үлгі болары анық. 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары