Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Жас шәкірттер бақ сынады
16 сәуір, 2019 жыл 105 Басып шығару нұсқасы

 

Түрлі ағым сананы улаған мына заматта келер ұрпақтың солардың жетегіне еніп кетпесе екен деген ниетпен елімізде мемлекеттік мекемелермен қатар мешіт, медреселер де бір кісідей қызмет ету үстінде. Солардың бірі        «UZYNAGASH» мешіті. Бұл мешіттің бас имамы Нұрдәулет Төрежанов ауыл жастарына дәріс өткізіп, дін мен дәстүрді ұштастырып түрлі жарыстар мен байқаулар өткізіп келеді. Соның бірі жуырда ғана өткен «Алланың көркем есімдерін» жаттаудан өткен байқау. Бұл байқауға 13 жасөсіпірім қатысып, бағын сынап көрді. Нәтижесінде бас жүлдені иеленген Біләл Жұматайұлы велосипед пен 5000 теңге ұтып алса, 1-орын алған Назарбек Маликжанұлы смартфон мен 5000 теңгеге ие болды. Ал, 2-орын алған Пейіл Тілеуберді болса телефон мен 4000 теңгені қанағат тұтты. Сондай-ақ,3-орыннан көрінген Нығмет Нұрдәулетұлы да телефон мен 3000 теңгені жеңіп алған болса, 4-орын алған Ақжол Қызырхан ұялы телефонмен 2000 теңгегені қанжығасына байлады.Ал  5-орынға табан тіреген Арман Ануарбек ақшалай 5000 теңгеге ие болды.

 

Бұл жарысты өткізудегі басты мақсатымыз балаларды дінін берік ұғынып, жаттап жүрген арабша атаулардың қазақша мағынасын да жетік біліп  жүрсе екен деген ниет болды. Осындай кішігірім жарыстарда артымызда өсіп келе жатқан жастарды ынталандырып, діннің дәстүрден ажырамас бір бөлігі екенін түсіндіре отырып, оларды дәстүрлі Исламмен дәріптеу болатын. Бұл біздің ұйымдастырып отырған алғашқы байқауымыз емес. Алдағы уақытта Алла қаласа бұдан да жақсы байқаулар өткіземіз деген үміттемін. Бізге осы жарысты өткізуге себепкер болып, демеушілік танытқан мешіт жамағатына Алла разы болсын демекпін,-дейді мешіттің бас имамы Нұрдәулет Төрежанов.

 

Расымен жас балаларды тал шыбықтай жаңадан бой түзеп келе жатқанында дұрыс жол көрсетіп жіберсе келешекте діңгегі мықты болып өскен емендей болатыны жасырын емес. Осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген мешіт имамдарына Алла разы болып, өз рахымына бөлесін демекпіз біз де.

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары