Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Түркістан: VIII Республикалық Құран жарысына іріктеу өтті
16 сәуір, 2019 жыл 26 Басып шығару нұсқасы

 

Түркістанда өткен Құран жарысында 9 ауданнан жиылған 26 шәкірт төрт номинация бойынша сынға түсті. Атап айтсақ 30-парадан – 9, 20-парадан – 4, 10-парадан – 4, мәнерлеп оқудан – 9 үміткер қатысты. Олар мешіттер жанындағы діни сауат ашу курстары, қарилар даярлау орталығы мен медресе-колледждің шәкірттері. Ең кішкентайы - 9, үлкені - 28 жаста болды.

 

 30 пара бойынша:

1-орын: Хамидулла Шавкатбеков  (60 000 теңге);

2-орын: Айдын Махан (50 000 теңге);

3-орын: Әлім Кәрім (40 000 теңге).

 

 20 пара бойынша:

1-орын: Әбдуәлі Бейсенәлиев  (50 000 теңге);

2-орын: Табын Мұхаммедсали (40 000 теңге);

3-орын: Мұстафа Қошқаров (30 000 теңге).

 

 10 пара бойынша:

1-орын: Ақмал Рақымұлы (40 000 теңге);

2-орын: Суннатулла Абдулхалық (30 000 теңге);

3-орын: Саламат Мұхаммедов (20 000 теңге).

 

 Мәнерлеп оқудан:

1-орын: Камран Шерахмет (30 000 теңге);

2-орын: Садридин Абдуқаюмов (20 000 теңге);

3-орын: Расул Тұрсынбайұлы (15 000 теңге) иеленді.

 

Қатысушылардың бәріне ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар берілді. Жүлделерді ҚМДБ Төрағасының орынбасары Алау Әділбаев пен Түркістан облысы бойынша өкіл имам Мұсабек Ақтамберді табыс етті.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары